Талаптар

  • Тиісті мамандық бойынша (қаржы, экономика) жоғары білім. Менеджмент/экономика/қаржы/МВА мамандығы бойынша магистр дәрежесінің болуы (құпталады);
  • Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі;
  • Заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік материалдарды (бағыты бойынша) білу;
  • Қаржылық міндеттемелер бойынша ковенанттарды басқару және қаржылық тұрақтылықты бақылау мен мониторинг жүргізу рәсімдерін білу;
  • Инвестициялар саласындағы (бағалы қағаздар, жеке капитал және т.б.) үдерістерді білу;
  • Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының (ҚЕХС) және басқарушылық есептіліктің қағидаттарын білу;
  • Компанияның тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылау жүйесінің негіздерін білу;
  • Қаржыландыру тарту, қарыздық қаржы құралдарымен жұмыс істеу қағидаттарын білу;
  • Бухгалтерияның, қаржылық есептердің негіздерін білу;
  • Кез келген деңгейде келіссөздер жүргізе алу;
  • Корпоративтік қаржыландыру әдістемесін және үдерістерін әзірлеу және жетілдіру дағдылары;
  • Корпоративтік қаржыландыру саласындағы тәуекелдерді айқындау және басқару дағдылары;
  • Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру (міндеттерге байланысты).

Міндеттері

  • Қатысты құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, ЕРС шарттарын және нысандарды салуға қатысты өзге шарттарды дайындау, келісу, талдау және олардың орындалуын бақылау;
  • Мердігерлік ұйымдардың төлем құжаттарын ЕРС шарттарының талаптарына сәйкес уақтылы қарастыру;
  • ЕРС шарттары бойынша төлемдер болжамын қалыптастыру және Қазынашылық басқармасына ұсыну;
  • ЕРС шарттары бойынша кезеңді жедел жабу үшін Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік басқармасына ақпарат ұсыну;
  • Өзгерістерге өтінімдер мен Мердігерлерге қатысты ықтимал претензиялық жұмыстар бойынша шығыстарды қарастыру;
  • Капиталдық салымдар жоспарын жасау үшін деректерді жинау және өңдеу;
  • Жоба бойынша капиталдық салымдар жоспарының орындалуын бақылау және талдау;
  • Мердігерлердің банк кепілдіктерін беру шарттарын келісу/мониторинг жүргізу;
  • Мердігерлер шарттары бойынша төлем шарттарының орындалуын бақылау;
  • ЕРС шарттарының қаржылық бөлігі бойынша есептерді уақтылы дайындау және ұсыну;
  • Қаржылық сүйемелдеу басқармасының құзыреті шегінде Компания комитеттері мен ішкі органдарына қатысу;
  • Тікелей басшысының шешімімен уақытша болмаған кезеңде сақтандыру бойынша координатордың және/немесе EPC қаржылық сүйемелдеудің бас мамандарының бірінің міндеттерін толық көлемде атқару;
  • Орындаған жұмыс бойынша есептілікті (қажет болған жағдайда) уақтылы ұсыну;
  • Компанияда қолданыстағы регламенттерде көзделген еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау;
  • Тікелей және жоғары тұрған басшылардың қызметтік тапсырмаларын орындау.

Apply for this position

Allowed Type(s): .pdf