Талаптар
- құқықтану/юриспруденция саласында жоғары білім. MBA/EMBA немесе халықаралық аккредитациясы бар бағдарлама бойынша LLM дәрежесінің болуы
- халықаралық құқық, жобаларды басқару, шарттық құқық, келісімшарттарды әкімшілендіру саласында сертификаттың болуы құпталады. Жобаларды басқару саласында сертификаттың (IPM, PMP және т.б.) болуы
- кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде 4 жыл жұмыс тәжірибесі
- заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік материалдар (бағыт бойынша)
- халықаралық құқықтық қызмет негіздері, оның ішінде халықаралық арбитраж қағидаттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған, Жобаға қатысты маңызы бар халықаралық шарттар
- комплаенс стандарттарын, ЕО және АҚШ санкциялық шектеулерін түсіну
- ЕРСМ/EPC-келісімшарттарын, лицензиялық келісімдерді, мердігерлік шарттарды, қызмет көрсету шарттарын, жабдықтау шарттарын және өзге де келісімдерді жасасу мен басқару процесін сүйемелдеу бойынша білімдер
- келіссөз жүргізу дағдылары (сендіре білу, өзара тиімділікке бағытталу) және коммуникативтік дағдылар (соның ішінде Компаниялар мен мемлекеттік органдардың жоғары буын басшыларымен қарым-қатынас, консенсусқа қол жеткізу, белсенді диалог жүргізу), дәлелденген тәжірибе
- заңи тәуекелдерді тиімді талдау және тиісті шешімдер қабылдау қабілеті
- сот және сотқа дейінгі (претензиялық) даулар бойынша жұмыс дағдылары, инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеу дағдылары (ЕРС келісімшарттарын және инвестициялық жобаларды іске асыру барысында жасалатын өзге де келісімшарттарды сүйемелдеу)
- стратегияны құру, бірнеше функцияларды (өзінің функционалдық бағыттары шеңберінде) жоспарлау және интеграциялау, процестерді іске асыру және оң нәтижелерге қол жеткізу дағдылары
- мемлекеттік, орыс және шет тілдерін меңгеру (міндеттерді орындауына байланысты)
Міндеттері
- Пиролиз бағыты бойынша тартылған Департаменттің бағынысты қызметкерлеріне басшылық жасау, соның ішінде тапсырмаларды белгілеу, жұмысты үйлестіру және бағыныстыларды дамыту
- Компания қызметін құқықтық қамтамасыз ету
- Келісімшарттар жобаларын, келісімдерді (Лицензиялық келісімдер, Инжинирингтік келісімдер, ЕР/ЕРС/ЕРСМ/С/ПСД келісімшарттары), оларға келіспеушілік хаттамаларын және өзге де құжаттарды әзірлеуге басшылық ету, сондай-ақ Жоба қатысушыларымен келіссөздерге құқықтық қолдау көрсету
- Компания мен Жобаның заңгерлік кеңесшілерімен өзара іс-қимылды басқару және өзінің құзыреті шегінде оларға жұмсалатын қаражатты бақылау
- Жобаны құқықтық қамтамасыз ету мәселелері бойынша Компания қатысушыларымен және олардың өкілдерімен өзара қарым-қатынасқа қатысу
- Жобаны құқықтық қамтамасыз ету мәселелері бойынша ҚР мемлекеттік органдарымен өзара қарым-қатынасқа жәрдемдесу
- Келісімшарттарды басқаруды құқықтық қамтамасыз ету
- Компания қатысатын даулар бойынша талап-арыз, сот және төрелік істерін құқықтық қамтамасыз ету
- Атқарылып жатқан жұмыс туралы есептілікті (қажет болған жағдайда) уақтылы ұсыну
- Компанияда қолданыстағы регламенттерде көзделген еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау
- Тікелей және жоғары тұрған басшылардың қызметтік тапсырмаларын орындау
Расположение: Атырау