Талаптар:

  • 5 жыл және одан да көп уақыт негізгі және егжей-тегжейлі жобалау жобаларында (ең алдымен мұнай-газ саласының жобаларында)
  • Халықаралық тәжірибе:
  • Мұнай-газохимиялық немесе мұнай-газ саласындағы халықаралық жобалау және құрылыс жобаларында жұмыс тәжірибесі
  • Өнеркәсіптік нысандардың жылыту, вентиляция және кондиционерлеу (ЖВК) жүйелерін жобалау саласындағы терең білім;
  • ЖВК жабдықтары мен заманауи технологияларымен жұмыс тәжірибесі;
  • Жүйелерді оңтайландыру үшін техникалық есептеулер жүргізу және деректерді талдау дағдысы.
    Кәсңби дағдысы:
  • Өнеркәсіптік жобалау жобаларында көшбасшылық рөліндегі тәжірибе
  • Тапсырыс берушілермен және жобалау тобымен тиімді өзара іс-қимыл дағдылары
  • Инновациялық техникалық шешімдерді әзірлеу және енгізу қабілеті
  • Жоба талаптарын талдай отырып, тиісті ЖВК (жылыту, вентиляция, кондиционерлеу) жүйелерін жасау дағдысы
  • Әлеуетті мәселелерді болжап, тиімді шешімдер ұсына білу қабілеті
  • Жылумен жабдықтау, вентиляция, кондиционермен жабдықтау және ЖВК жүйелерін автоматтандыру саласындағы терең білім
  • Өнеркәсіптік нысандарды жобалау стандарттары мен нормаларын терең түсіну
  • Қазақстандық және халықаралық ЖВК жобалау стандарттарын білу
  • Жоба критерийлерін әзірлеу, жобаның инженерлік сипаттамаларын жасау, ғимараттар мен құрылымдардың стандартты және концептуалды сызбаларын дайындау

Міндеттері мен күтілетін нәтижелер:

  • ЖВК жүйелерінің концепциясын және техникалық шешімдерін жоба талаптарына сәйкес әзірлеу
  • Техникалық құжаттама мен сызбаларды жасау
  • ЖВК жобасын орындауды ұйымдастыру және басқару
  • Қатысты салалармен жұмысты үйлестіру
  • Жобаның сапа және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету
  • Тапсырыс берушілермен, жабдық өндірушілерінің өкілдерімен және жобаның басқа қатысушыларымен өзара іс-қимыл
  • Жалпы жоба кестесі негізінде жұмыс құжаттамасын шығару кестесін басқару
  • Жабдық жеткізушілерді техникалық түсіндірулер және ұсыныстың техникалық бөлігін бағалау (TBE) арқылы қабілеттілігі, сапасы және сенімділігі бойынша дұрыс таңдау

Жұмыс кестесі: 5/2 (сенбі, жексенбі – демалыс күндері).

Расположение: Атырау-Қарабатан

Apply for this position

Allowed Type(s): .pdf