ҚҰРМЕТТІ СЕРІКТЕСТЕР, СІЗДЕРДІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА ШАҚЫРАМЫЗ!
«Силлено» ЖШС сатып алулары жарғылық қызметпен реттеледі.
Жеткізушіні таңдау жүйесінің принциптері
- сапалы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
- тауарларды уақтылы жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету;
- экономикалық әсерді барынша арттыру;
- сатып алуға қатысушыларға қойылатын талаптардың өлшемділігі және олардың ұсыныстарын бағалау критерийлері.
Сатып алу мәселелері бойынша жауапты тұлғалар
Сатып алу және әкімшілік жұмыс департаменті: +7 (7172) 648 422, +7 (7172) 648 324.
Қазақстандық өндірушілерді Tecnimont (MAIRE тобы) компаниясының тендерлеріне қатысуға тіркеу
Қазақстандық жеткізушілер сілтеме арқылы «Силлено» ЖШС мердігері – Tecnimont компаниясының (MAIRE тобы) жеткізушілер базасына тіркелу үшін өтінім бере алады.
Атауы | |
---|---|
Тіркеуге өтінім
|
Тіркеу |
Іске қосу-баптау жұмыстары бойынша қызмет көрсететін әлеуетті жеткізушілерді алдын ала іріктеу туралы хабарландыру
«Силлено» ЖШС 2027-2028 жж. АІҚБ/ІҚБ кезеңіне «Атырау облысындағы бірінші интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы. Екінші кезең (полиэтилен өндірісі)» жобасы аясында іске қосу және баптау қызметтерін көрсету саласында маркетингтік зерттеулер жүргізілетінін хабарлайды. Қатысу үшін b.askarov@silleno.kz және b.kaiyrbekov@silleno.kz электронды поштасына өтінім жіберуді сұраймыз.
Зертхана қызметтері бойынша маркетинг зерттеуін жүргізу туралы
«Силлено» ЖШС Атырау облысында жүзеге асырылып жатқан «Бірінші интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы. Екінші фаза (Полиэтилен өндіру)» жобасы аясында 2028 жылдан бастап пайдалануға беру кезеңінде мұнай-химия, газ-химия және полимерлер бойынша зертханалық қызметтер көрсету саласында маркетингтік зерттеулер жүргізілетінін хабарлайды.
Жоба аясында төмендегі бағыттар бойынша техникалық және коммерциялық ұсыныстарды ұсыну қажет:
- ЕР бөлігі (инженерлік жұмыстар): зертханалық жабдықты жобалау, инжиниринг, іріктеу және жеткізу, зертхананы автоматтандыру және басқару жүйелері.
- С бөлігі (құрылыс жұмыстары): зертханаға арналған үй-жайларды дайындау, құрылыс және монтаждау жұмыстары, әрлеу және орнату жұмыстары.
Қызығушылық танытқан компаниялардан ЕР және С бөліктері бойынша бөлек ұсыныстарды келесі электрондық пошталарға жолдауыңызды сұраймыз:
- ЕР бөлігі: b.askarov@silleno.kz және b.kaiyrbekov@silleno.kz
- С бөлігі: b.askarov@silleno.kz және a.nugerbekov@silleno.kz
Қазақстандық өндірушілерді тіркеу
Толтырылған сауалнамаларды kaz.content@silleno.kz электронды мекенжайына жіберу қажет.
Атауы | |
---|---|
Жеткізушінің cауалнамасы
|
Жүктеу |
Қазақстандық құрылыс-монтаж ұйымдарын тіркеу
Толтырылған сауалнамаларды электрондық мекенжайға жіберу қажет: KAZCNT@silleno.kz
Атауы | |
---|---|
Жеткізушінің cауалнамасы
|
Жүктеу |