2026 жылдың мамыр айының басында полиэтилен өндіретін болашақ Силлено зауытының құрылыс алаңында еңбекті қорғау саласындағы маңызды көрсеткіш — өндірістік жарақатсыз және жұмыс уақытын жоғалтусыз (LTI) 4 миллион адам-сағат тіркелді. Бұл нәтиже құрылыс жұмыстары басталған сәттен бастап жобаға қатысушылардың, соның ішінде мердігер және қосалқы мердігер ұйымдардың қауіпсіз еңбегінің жиынтық көлемін көрсетеді.

Қазіргі уақытта нысанда екі негізгі технологиялық қондырғы — пиролиз және полимерлеу қондырғылары, сондай-ақ зауыттың жалпышаруашылық нысандары бойынша құрылыс жұмыстары жалғасуда. Жобаның жалпы ілгерілеу көрсеткіші 27% құрады, барлық жұмыс бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Құрылысқа 1 700-ден астам адам және 330 техника бірлігі тартылған. Құрылыс-монтаж жұмыстарының басым бөлігі отандық компаниялардың қатысуымен орындалуда.

Жобаны іске асыру барысында барлық кезеңде қауіпсіздік — басты басымдық.