Жаңалықтар

Атырау облысында салынып жатқан полиэтилен өндіру зауыты үшін ірі тоннажды жабдықтың алғашқы партиясы аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін екі кемемен Қазақстанға жеткізілді. Жүк Маңғыстау облысындағы Ерсай портына келді. Жүк құрамында өндіруші зауыттан шыққан пиролиз қондырғысына арналған тоғыз технологиялық жабдық бар. Партияның жалпы салмағы 12 мың тоннаға жуық, бұл шамамен 200 жүк тиелген теміржол вагонының салмағына тең. […]

Толығырақ

«АтырауНефтеМаш» ЖШС өндірістік алаңында Атырау облысында салынып жатқан жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіру зауытына арналған этиленді бөлу бағанасы (Ethylene Fractionator) гидравликалық сынақтан сәтті өтті. Диаметрі 7,5 метр болатын бағана – отандық машина жасау кәсіпорны өндірген ең ірі әрі аса ауыр технологиялық жабдықтардың бірі. Оның биіктігі – 101 метр, салмағы – шамамен 1,5 мың тонна. […]

Толығырақ

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Атырау облысына жұмыс сапары кезінде мұнай-газ химиясы жобаларын іске асырудың қазіргі жағдайы, құрылысты жүргізудің бекітілген кестесін сақтау және отандық кәсіпорындарды тарту арқылы қазақстандық қамту үлесін ұлғайту туралы есепті тыңдады. «Силлено» ЖШС бас директоры Мұхтар Авутбаев жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыт құрылысының барысы туралы баяндады. Қазіргі уақытта […]

Толығырақ

2026 жылдың мамыр айының басында полиэтилен өндіретін болашақ Силлено зауытының құрылыс алаңында еңбекті қорғау саласындағы маңызды көрсеткіш — өндірістік жарақатсыз және жұмыс уақытын жоғалтусыз (LTI) 4 миллион адам-сағат тіркелді. Бұл нәтиже құрылыс жұмыстары басталған сәттен бастап жобаға қатысушылардың, соның ішінде мердігер және қосалқы мердігер ұйымдардың қауіпсіз еңбегінің жиынтық көлемін көрсетеді. Қазіргі уақытта нысанда екі негізгі технологиялық қондырғы […]

Толығырақ

Атырау облысында қуаты жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыттың құрылысы жалғасуда. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары екі негізгі технологиялық қондырғыда жүріп жатыр. Жобаның жалпы ілгерілеу көрсеткіші 27% құрады, барлық жұмыс бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Пиролиз қондырғысында қада қағу жұмыстары аяқталу сатысында (96%). Іргетас құю (30%) және құбыр эстакадаларын орнатуға арналған жерүсті құрастырмалы темірбетон конструкцияларын монтаждау […]

Толығырақ

Атыраудағы Еркінқала елдімекенінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында болашақ саябақ аумағын көгалдандыру жұмысы басталды. Бастама Атырау қаласы әкімдігі мен «Силлено» ЖШС-нің қолдауымен жүзеге асырылып, өңірде жасыл аймақтарды дамытуға және қалада қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Іс-шараға Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы Айбек Кадралиев, «Силлено» ЖШС бас директоры Мұхтар Авутбаев, Еркінқала ауылдық округінің әкімі Мәлік Сағидоллаұлы, […]

Толығырақ

Силлено қызметкерлері «Кен-Құрылыс-Сервис» және «Oil Construction Company» компанияларынан өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға келген әріптестерін күтіп алды. Іс-шара 13–15 сәуір аралығында компанияның Атырау облысындағы нысандарында өтті. Іссапар ҚазМұнайГаз бастамасымен «Самұрық-Қазына» қорының 2026 жылға арналған өндірістік қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылды. Қатысушылар жобада қолданылатын қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жүйесімен, сондай-ақ тәуекелдерді басқару […]

Толығырақ

9 сәуірде ҚР Парламенті Мәжілісі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында Еділ Жаңбыршиннің төрағалығымен ірі мұнай-газ компанияларындағы қазақстандық қамту үлесін арттыру мәселелері қаралды. Отырыс барысында «Силлено» ЖШС бас директоры Мұхтар Авутбаев баяндама жасап, жобаның құрылыс барысын, сондай-ақ компанияның қазақстандық қамтуды арттыру бағытында атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларын таныстырды. Сондай-ақ отырысқа жобаның EPC-мердігерлері – Tecnicas […]

Толығырақ

Осыдан бір жыл бұрын, 2025 жылы 31 наурызда болашақ полиэтилен зауытының пиролиз қондырғысының іргетасына алғашқы қада қағылып, ауқымды құрылыс жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары екі негізгі технологиялық қондырғыда жүріп жатыр. Жобаның жалпы ілгерілеу көрсеткіші 25% құрады, барлық жұмыс бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Этаннан этилен алуға арналған пиролиз қондырғысында қада қағу (шамамен 95%), іргетас құю […]

Толығырақ

«Силлено» ЖШС және Karl Schmidt Spedition GmbH & Co (KSS) Атырау облысында полиэтилен өндіру зауытын салу жобасы аясында логистикалық кешенді іске асыруға арналған EPC-келісімшартқа қол қойды. Құжатқа қол қою рәсіміне «Силлено» ЖШС бас директоры Мұхтар Авутбаев және SCHMIDT Group бас директоры Томас Шмидт қатысты. Жобаны іске асыру Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ірі логистикалық кешендердің бірін салуға […]

Толығырақ