Жаңалықтар
Атырау облысына жұмыс сапары аясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының төрағасы Қанат Шарлапаев жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін «Силлено» зауытының құрылыс алаңына барды. «Силлено» ЖШС бас директоры Мұхтар Ауытбаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысын жобаның іске асырылу барысымен, құрылыс-монтаж жұмыстарының қазіргі жай-күйімен және қазақстандық компаниялардың жобаға қатысуымен таныстырды. Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. «Силлено» ЖШС […]
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Атырау облысына жұмыс сапары кезінде жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін «Силлено» зауытының құрылыс алаңына барды. Қазіргі уақытта алғашқы ірі габаритті жабдықты монтаждауға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қазақстандық «АтырауНефтеМаш» зауытында жасалған пиролиз қондырғысының фракциялау бағанасының биіктігі 101,8 метр, диаметрі 7,5 метр, ал салмағы шамамен 1 500 тоннаны құрайды. Оны […]
Атырауда Қазақстанның мұнай-газ химиясы саласы үшін болашақ инженерлер мен техникалық мамандарды даярлауға бағытталған халықаралық білім беру бағдарламасы – MAIRE Jaryq академиясының алғашқы түлектерінің оқуды аяқтауына арналған іс-шара өтті. Алғашқы 19 қатысушы – Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің студенттері MAIRE (Tecnimont) халықаралық инжинирингтік компаниясы мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бірлесіп жүзеге асырған алты […]
Болашақ полиэтилен зауытының құрылыс алаңына жобадағы ең ірі вертикальды жабдық – фракциялау бағанасы жеткізілді. Бұл – кешеннің монтаж алаңына жеткізілген алғашқы ірі габаритті техника. Бағана «АтырауНефтеМаш» зауытында жасалды. Бағананың техникалық сипаттамалары: ▪️биіктігі – 101,8 метр (30 қабатты тұрғын үйден де биік); ▪️диаметрі – 7,5 метр; ▪️салмағы – шамамен 1 500 тонна. Бұл жабдық – пиролиз […]
«Силлено» полиэтилен өндіру зауытының құрылыс жобасы аясында пиролиз қондырғысының EPC-мердігері Tecnicas Reunidas (TR) компаниясы жүзеге асырып жатқан TRAiming the Future білім беру бағдарламасының екінші легі басталды. 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орындарының 31 студенті алты айлық даярлау бағдарламасына кірісті. Қатысушылар TR компаниясы ұйымдастырған көпсатылы іріктеу нәтижесінде таңдалып алынды. Байқауға барлығы […]
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Атырау облысына жұмыс сапары кезінде жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін «Силлено» зауытының құрылыс алаңына барды. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде мұнай-газ-химиясы кластерін дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында іске асырылуда және Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі саласындағы ең ірі нысандардың бірі. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары екі негізгі технологиялық қондырғыда жүріп […]
Бүгін Атырауда бірегей логистикалық операция басталды. Отандық «АтырауНефтеМаш» кәсіпорнында дайындалған этиленді бөлу бағанасы Силлено полиэтилен өндіру зауытының құрылыс алаңына жөнелтілді. Этиленді бөлу бағанасы – полиэтилен өндірісінің негізгі шикізаты саналатын этиленді өндіру қондырғысының негізгі технологиялық жабдығы. Оның техникалық сипаттамалары: биіктігі – 101,8 метр (30 қабатты тұрғын үйден биік), диаметрі – 7,5 метр, салмағы – шамамен 1,5 […]
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Атырау облысына жұмыс сапары аясында жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін Силлено зауытының құрылыс алаңына келді. Жоба Мемлекет басшысының елімізде мұнай-газ химиясы кластерін дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында іске асырылуда. Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі ең ірі жобалардың бірін жүзеге асыру елде сұранысқа ие полимер өнімдерінің импортын алмастыруға және қосылған құны […]
«Силлено» ЖШС Атырау облысында жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін болашақ зауытты азот және сығылған ауамен қамтамасыз ету мақсатында «Эр Ликид Карабатан Тех Газдары» ЖШС-мен (АЛКТГ) ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды. Келісім аясында АЛКТГ тазалығы жоғары азот өндіретін екі заманауи әрі энергия тиімді ауа бөлу қондырғысын (АБҚ) салып, пайдалануға береді. Кешен Орталық Азиядағы өнеркәсіптік газ […]
Атырау облысында салынып жатқан полиэтилен өндіру зауыты үшін ірі тоннажды жабдықтың алғашқы партиясы аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін екі кемемен Қазақстанға жеткізілді. Жүк Маңғыстау облысындағы Ерсай портына келді. Жүк құрамында өндіруші зауыттан шыққан пиролиз қондырғысына арналған тоғыз технологиялық жабдық бар. Партияның жалпы салмағы 12 мың тоннаға жуық, бұл шамамен 200 жүк тиелген теміржол вагонының салмағына тең. […]
