Атырау облысында қуаты жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыттың құрылысы жалғасуда.
Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары екі негізгі технологиялық қондырғыда жүріп жатыр. Жобаның жалпы ілгерілеу көрсеткіші 27% құрады, барлық жұмыс бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.
Пиролиз қондырғысында қада қағу жұмыстары аяқталу сатысында (96%). Іргетас құю (30%) және құбыр эстакадаларын орнатуға арналған жерүсті құрастырмалы темірбетон конструкцияларын монтаждау (14%) жалғасуда. Жұмыс кестесіне сәйкес сәуір айынан бастап негізгі эстакаданың металл конструкцияларын монтаждау басталды.
Екінші негізгі қондырғы — полимерлеу алаңында, сондай-ақ зауыттың жалпышаруашылық нысандарында жер (25%) және қада қағу (25%) жұмыстары жалғасуда.
Құрылыс алаңында 1 700-ден астам адам және 330-дан астам техника бірлігі жұмылдырылған. Құрылыс-монтаж жұмыстарының басым бөлігі қазақстандық компаниялардың қатысуымен орындалуда.
Зауытты пайдалануға беру және алғашқы өнімді шығару 2029 жылға жоспарланған.




