Силлено қызметкерлері «Кен-Құрылыс-Сервис» және «Oil Construction Company» компанияларынан өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға келген әріптестерін күтіп алды.
Іс-шара 13–15 сәуір аралығында компанияның Атырау облысындағы нысандарында өтті. Іссапар ҚазМұнайГаз бастамасымен «Самұрық-Қазына» қорының 2026 жылға арналған өндірістік қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылды.
Қатысушылар жобада қолданылатын қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жүйесімен, сондай-ақ тәуекелдерді басқару және мердігер ұйымдармен өзара іс-қимыл тәсілдерімен танысты.
«Қауіпсіздік өздігінен емес, мықты көшбасшылық, тәртіп пен тәуекелдерді күнделікті басқару нәтижесінде қалыптасады. Ашық тәжірибе алмасу өзара білім алмасып қана қоймай, саладағы өндірістік қауіпсіздіктің бірыңғай жоғары деңгейін қалыптастыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Силлено компаниясының HSE департаментінің директоры Ұлмаш Қалиева.
Кездесу барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, өндірістік қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Силлено жарақатсыз өндіріс қағидатына беріктігін растай отырып, қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде дамытуға, тәуекелдерді барлық деңгейде басқарудың тұрақты жүйесін қалыптастыруға ұмтылады.







