Осыдан бір жыл бұрын, 2025 жылы 31 наурызда болашақ полиэтилен зауытының пиролиз қондырғысының іргетасына алғашқы қада қағылып, ауқымды құрылыс жұмыстары басталды.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары екі негізгі технологиялық қондырғыда жүріп жатыр. Жобаның жалпы ілгерілеу көрсеткіші 25% құрады, барлық жұмыс бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Этаннан этилен алуға арналған пиролиз қондырғысында қада қағу (шамамен 95%), іргетас құю (24%-дан астам), сондай-ақ құбыр эстакадаларын орнатуға арналған жерүсті құрастырмалы темірбетон конструкцияларын монтаждау (5,7 мың м³-тің 387 м³-і) жұмыстары жалғасып жатыр.

2026 жылы ірі габаритті жабдықтардың алғашқы легін жеткізу және монтаждау жоспарланып отыр. Олардың қатарында «АтырауНефтеМаш» зауытында дайындалып жатқан салмағы 1,5 мың тоннаға дейін және 700 тонна болатын екі бағана бар. Жалпы салмағы 11 760 фрахт тоннасы (шамамен 200 жүк тиелген теміржол вагонының салмағына тең) болатын ірі тоннажды жабдықтың алғашқы партиясы өндіруші зауыттан Қазақстанға жөнелтілді. Сонымен қатар металл конструкциялар мен технологиялық құбырларды монтаждау басталады.

Екінші негізгі қондырғы — полимерлеу алаңында, сондай-ақ жалпызауыттық шаруашылық нысандарды салу бойынша 567 мың м³ (24%) жер жұмыстары орындалып, 5 720 қада (15%) қағылды.

Бүгінде құрылыс жұмыстарына 1 421 адам (оның 90% астамы — ҚР азаматтары) және 330 техника жұмылдырылған.

Зауытты пайдалануға беру және алғашқы өнімді шығару 2029 жылға жоспарланып отыр.