2026 жылдың қаңтар айының басында болашақ Силлено полиэтилен өндіру зауытының құрылыс алаңында еңбекті қорғау саласындағы маңызды көрсеткіш — өндірістік жарақаттарсыз және жұмыс уақытын жоғалтусыз (LTI) 2 миллион адам-сағат тіркелді. Бұл нәтиже құрылыс жұмыстарының барлық кезеңінде жобаға қатысқан мердігер және қосалқы мердігер ұйымдарды қоса алғанда, барша қатысушылардың қауіпсіз еңбегінің жиынтық көлемін көрсетеді.
«Бұл көрсеткіш — күн сайын қабылданатын жүздеген шешімнің, адамдардың бір-біріне деген ықыласы мен қауіпсіздіктің әркімнің жеке жауапкершілігінен басталатынын түсінудің нәтижесі. Жоба командасына және серіктестерімізге тәртіп пен қауіпсіздік мәдениетінің жоғары деңгейін сақтағаны үшін алғыс білдіреміз. Силленода біз тәуекелдердің алдын алу, стандарттарды сақтау және адамдарға қамқорлық жасау басты басымдық болатын жүйені кезең-кезеңімен қалыптастырып келеміз. Бұл тәсілді құрылыс жұмыстарының барлық кезеңінде ұстанатын боламыз», — деп атап өтті бас директор Мұхтар Авутбаев.
Қазіргі уақытта нысанда екі негізгі технологиялық қондырғы — пиролиз және полимерлеу, сондай-ақ зауыттың жалпы шаруашылық нысандары бойынша құрылыс жұмыстары жалғасуда. Құрылысқа 1 100-ден астам маман және шамамен 330 техника бірлігі тартылды.

