АтырауМұнайМаш  отандық машина жасау үшін ауқымы мен техникалық күрделілігі жоғары екі ірі габаритті бағана өндіріп жатыр:

  • Этиленді бөлу бағанасы (Ethylene Fractionator) – салмағы – 1 470 тонна, биіктігі – 101 метр, 78%-ға дайын.
  • Суыту бағанасы (Quench Tower) – салмағы – 700 тонна, биіктігі – 51 метр, дайындық деңгейі – 55%.

Бұл бағаналар пиролиз қондырғысының құрамына кіреді. Дәл осы қондырғыда этан полиэтилен өндірісінің негізгі өнімі – этиленге айналады. Қондырғыларды монтаждау 2026 жылға жоспарланған.

Сонымен қатар, атыраулық кәсіпорын су дайындау жүйесінде еріген газдарды жоюға арналған тағы бір маңызды элемент – деаэратор жабдығын әзірлейді.

АтырауМұнайМашпен ынтымақтастық отандық өндірушілердің Қазақстандағы ірі мұнай-газ химиясы жобаларының бірін іске асыруға қатысуын және жергілікті қамту үлесін арттыруға ықпал етеді.