«Силлено» ЖШС-мен бірге мансапқа жету — мансап мүмкіндіктері

«Силлено» ЖШС «Атырау облысында алғашқы интеграцияланған газ-химиялық кешеннің құрылысы — Екінші кезең: полиэтилен өндіру» деп аталатын стратегиялық жобаны жүзеге асыруда. Ұжымымызға өз ісіне жауапты, білікті және ынталы мамандарды шақырамыз.

Біздің қағидаларымыз:

  • Қызметкерлерді айқын да әділ және нәтижелі түрде іріктеу;
  • Кәсіби біліктілікті, баянды еңбекті және ауызбіршілікті бағалау;
  • Әрбір үміткерді біліктілік талаптары, құзыреттері және корпоративтік құндылықтарға сәйкестігі бойынша бағалау.

Ұсынылатын мүмкіндіктер:

  • Мансап құрып, жетілдіру үшін кең мүмкіндіктер;
  • Кәсіби дамуға көрсетілетін қолдау;
  • Тартымды еңбек жағдайлары мен әлеуметтік пакет.

Бізге қосылыңыз!
Егер сізде тиісті біліміңіз, жұмыс тәжірибеңіз және ынтаңыз болса, түйіндемеңізді қуана қараймыз.

Барлық өтінімдер автоматтандырылған жүйе арқылы келесі сілтеме бойынша қабылданады: https://silleno.kz.huntflow.io/

Вакансияға өтінім бере отырып, Сіз Жеке деректерді өңдеу саясатымен танысқаныңызды растайсыз және кандидатураңызды қарастыру процесі барысында ұсынылған жеке деректер мен басқа да ақпаратты өңдеуге келісім бересіз.