Атырау облысына жұмыс сапары барысында Құрылтай депутаттары өңірдегі мұнай-газ химиясы кешені кәсіпорындарын, оның ішінде Силлено полиэтилен зауытының құрылыс алаңын аралады.
Компания өкілдері депутаттарға жобаның іске асу барысы, құрылыс-монтаж жұмыстары, технологиялық жабдықтарды жеткізу мен монтаждау, сондай-ақ алдағы жоспарлары туралы ақпарат берді.
Кездесу барысында қазақстандық қамтуды дамыту, отандық кәсіпорындардың жобаға қатысуы, жаңа жұмыс орындарын ашу, маркетинг және болашақ өнімді сату нарықтары мәселелері де талқыланды.
Болашақ зауыттың жобалық қуаты жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіруге қауқарлы. Жоба Қазақстанның мұнай-газ химиясы саласын дамытуға және қосылған құны жоғары өнім өндірісін ұлғайтуға бағытталған.





