9 сәуірде ҚР Парламенті Мәжілісі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында Еділ Жаңбыршиннің төрағалығымен ірі мұнай-газ компанияларындағы қазақстандық қамту үлесін арттыру мәселелері қаралды.
Отырыс барысында «Силлено» ЖШС бас директоры Мұхтар Авутбаев баяндама жасап, жобаның құрылыс барысын, сондай-ақ компанияның қазақстандық қамтуды арттыру бағытында атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларын таныстырды.
Сондай-ақ отырысқа жобаның EPC-мердігерлері – Tecnicas Reunidas, Tecnimont, Sinopec Engineering Incorporation компанияларының өкілдері қатысты.
Тақырыптық отырыс қорытындысы бойынша хаттама әзірленіп, мемлекеттік органдар мен мұнай-газ компанияларына жолданатын болады.




