Атырау қаласында Силлено кеңсесінде Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы талқыланды. Жиынға компанияның түрлі бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Бас директор Мұхтар Авутбаев ұсынылған өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін және ел дамуының жаңартылған институционалдық негіздерін қалыптастыратынын атап өтті. Жобада адами капиталды, білім беру мен ғылымды, сондай-ақ инновацияны дамыту мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттары ретінде айқындалған.
Талқылау барысында қызметкерлер құжаттың негізгі ережелерін, дауыс беру тәртібі мен ұйымдастыру мәселелерін қарастырды.
Жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум 15 наурызда өтеді. Референдумға қатысу – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының құқығы.




