АтырауМұнайМаш отандық машина жасау үшін ауқымы мен техникалық күрделілігі жоғары екі ірі габаритті бағана өндіріп жатыр:
- Этиленді бөлу бағанасы (Ethylene Fractionator) – салмағы – 1 470 тонна, биіктігі – 101 метр, 78%-ға дайын.
- Суыту бағанасы (Quench Tower) – салмағы – 700 тонна, биіктігі – 51 метр, дайындық деңгейі – 55%.
Бұл бағаналар пиролиз қондырғысының құрамына кіреді. Дәл осы қондырғыда этан полиэтилен өндірісінің негізгі өнімі – этиленге айналады. Қондырғыларды монтаждау 2026 жылға жоспарланған.
Сонымен қатар, атыраулық кәсіпорын су дайындау жүйесінде еріген газдарды жоюға арналған тағы бір маңызды элемент – деаэратор жабдығын әзірлейді.
АтырауМұнайМашпен ынтымақтастық отандық өндірушілердің Қазақстандағы ірі мұнай-газ химиясы жобаларының бірін іске асыруға қатысуын және жергілікті қамту үлесін арттыруға ықпал етеді.


