Мемлекет басшысының бастамасымен өтіп жатқан жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Силлено компаниясы Атырау қаласында 1000 түп ағаш көшетін отырғызды.

Акция барысында қаладағы №42, 43, 44 мектептердің аумағына және Балықшы саябағына көшеттер (қарағаш, сары акация және ерен ағашы) егілді.

Бастама қаланың экожүйесін жақсартуға, тұрғындар үшін жасыл аймақтар құруға және жас ұрпақ арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Ағаш отырғызу жұмыстарына компания қызметкерлерімен бірге жергілікті мектептердің ұстаздары да қатысып, қаламызды көркейту мен көгалдандыру ісіне өз үлестерін қосты.

img
img
img
img