Жұмысқа қабылдау процесі компанияның құндылықтарына, корпоративтік стандарттарына және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сай ұйымдастырылған.

«Силлено» компаниясындағы бос жұмыс орындары туралы ақпарат www.silleno.kz ресми сайтында, сыртқы платформаларда (www.work.kmg.kz, www.enbek.kz), әлеуметтік желілерде (LinkedIn) және кәсіби қауымдастықтарда ашық жарияланады. Үміткерлер түйіндемелерін hr@silleno.kz корпоративтік поштасына да жібере алады.

Соңғы шешімге қарамастан, барлық үміткерге компания тарапынан міндетті түрде кері байланыс беріледі.

Бүгінгі таңда «Силлено» ЖШС жобалық кеңсесіндегі қызметкерлердің шамамен 90%-ы – Қазақстан Республикасының азаматтары, олардың жартысына жуығы Атырау облысының тұрғындары. Бұл компанияның жергілікті әлеуетті дамытуға және ұлттық кадрлық ресурстарды нығайтуға деген ұмтылысын көрсетеді.

«Полиэтилен» жобасының құрылыс алаңында жұмысшы мамандықтары (дәнекерлеушілер, монтажшылар, кран операторлары және басқа да мамандар) бойынша персоналды іріктеуді бас мердігерлер – Tecnimont, Tеcnicas Reunidas, сондай-ақ олардың субмердігер ұйымдары өздерінің кадрлық және әлеуметтік саясаттарына, сондай-ақ жергілікті қамтудың белгіленген міндеттемелеріне сәйкес дербес жүзеге асырады.

Сонымен қатар, «Силлено» ЖШС мердігер және субмердігер ұйымдармен бірлесіп, жобаны іске асыруға Атырау облысы тұрғындарын барынша тарту бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Қазіргі таңда «Полиэтилен» жобасының құрылыс алаңында 650-ден астам қазақстандық азамат еңбек етеді, олардың жартысынан көбі – Атырау облысының тұрғындары.