Силлено қазақстандық өндірушілер және жабдықтар мен материалдар жеткізушілерін 2025 жылы 15 қыркүйекте Атырау қаласында өтетін «Жергілікті құндылық, ортақ даму» форумына шақырады.
Іс-шара TECNIMONT (MAIRE) және Sinopec Shanghai Engineering Corporation компанияларымен бірлесе отырып ұйымдастырылады. Аталған консорциум – жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыттың полимеризация және жалпы шаруашылық нысандарының құрылысына жауапты EPC-мердігер.
Форумның мақсаты – Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі ең ірі жобалардың бірі аясында жергілікті қамту үлесін дамыту және серіктестікті нығайту.
Өтетін күні, уақыты: 2025 жыл 15 қыркүйек | тіркеу сағат 8:30-да басталады
Өтетін орны: Infinity Event Hall, Атырау, Қазақстан
Тіркелу үшін сілтемемен өтіңіз.