«Атырау облысында алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенін салу. Екінші кезең (Полиэтилен өндірісі)» жобасы

Полиэтилен өндіру жобасы Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының «Қарабатан» өнеркәсіптік аймағының аумағында іске асырылуда.

Қазақстанда полиэтилен өндіретін зауыт құрылысының негізгі мақсаты – импортқа тәуелділікті азайтып, жергілікті өндірісті дамыту. Бұл өз кезегінде экономикалық өсуге, жұмыс орындарын ашуға және елдің экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

Өндіріс көлемі әлемдік полиэтилен өндірісінің шамамен 1%-ын құрайды, ал ауқымы мен технологиялық жарақтануы бойынша жаңа зауыт әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың біріне айналады.

Өндіріс қуаты: жылына 1 250 мың тонна полиэтилен.

Шикізат: жылына шамамен 1,6 млн тонна көлемінде этан.

Жобаны іске асыру кезеңі: 2022–2029 жылдар аралығы.

Жұмыс орындары:
құрылыс кезеңінде (уақытша) – шамамен 8000 жұмыс орны;
пайдалану кезеңінде (тұрақты) – 800-ден астам жұмыс орны.

Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің батыс өңірінде мұнай-газ-химия өнеркәсібі кластерін дамыту жөніндегі тапсырмасы шеңберінде іске асырылуда. Бұл Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі ең ауқымды жоба болмақ.

Жобаны іске асыру Қазақстан Республикасының келесі стратегиялық құжаттарында көрсетілген:

  • ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 21 мамырдағы № 337 қаулысымен бекітілген Атырау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары;
  • ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 30 қарашадағы № 1062 қаулысымен бекітілген Аса ірі мұнай-газ және мұнай-газ химиясы жобаларын дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары;
  • 2024 жылғы қарашада ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р. В. Скляр бекіткен 2024 – 2030 жылдарға арналған мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамыту жөніндегі жол картасы;
  • ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 534 бұйрығымен бекітілген индустрияландырудың бірыңғай картасы.

Қолданылатын технологиялар:

Бу крекингі (пиролиз) қондырғысы Lummus Technology (АҚШ)
Полимерлеу қондырғысы Chevron Phillips Chemical (АҚШ), Univation (АҚШ)
Сызықтық альфа-олефин (САО) қондырғысы Axens (Франция)

Мердігерлер:

  • Бастапқы құрылыс жұмыстары (құрылыс алаңды тегістеу, жер жұмыстары, алаңішілік және сыртқы жолдардың құрылысы және т.б.) – «BI Industrial» ЖШС.
  • Бу крекингі (пиролиз) қондырғысы – Tecnicas Reunidas (Испания) және Sinopec Engineering Incorporation (ҚХР) компанияларының консорциумы. EPC-келісімшартқа 2024 жылы 18 қыркүйекте қол қойылды.
  • Полимерлеу және жалпы зауыттық шаруашылық объектілері – ЕРС-мердігер 2025 жылдың 1-тоқсанында анықталады деп күтілуде.

Маркалы ассортимент:

  • 20-дан астам полиэтилен маркасын (HDPE тығыздығы жоғары полиэтилен және LLDPE тығыздығы төмен сызықтық/желілік полиэтилен) өндіру жоспарланған, оның 40%-ы премиум санатқа жатады.
  • Өнімді Қазақстан, ТМД елдері, Еуропа, Қытай, Түркия нарықтарына шығару жоспарланған.

Полиэтиленді өнеркәсіпте және тұрмыста қолдану

Өндірісте келесі салаларда қолданылады:

  • Газ және су құбырларына, кәріз, желдету және жылыту қондырғыларына арналған құбырлар мен арматуралар;
  • Сұйықтықтарға, химиялық заттарға, отынға, тұрмыстық қалдықтарға арналған ыдыстар;
  • Əр түрлі мақсаттағы пленкалар (орау, жабу, геомембраналық және т. б.);
  • Жылжымалы жолақтар;
  • Химиялық төзімді еден жабындары;
  • Оптикалық талшықты кабель қаптамалары, сымдарды оқшаулау;
  • Автокөлік бөлшектері;
  • Электр құралдары;
  • Ойыншықтар;
  • Аксессуарлар мен тұрмыстық техника;
  • Сусындарға, косметикаға арналған бөтелкелер.

Полиэтилен медицинада

Полиэтилен медициналық құралдар мен аспаптардың бөлшектерін, пациенттерге күтім жасау заттарын, зертханалық жабдықты, стерилизатор корпустарын, түтіктерді, тамшуырларды және т. б. өндіру үшін қолданылады.

Ол сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы жұмсақ ыдыстарды, арнайы ыдыстарды, дәрі-дәрмектерге арналған қаптамалардың әртүрлі түрлерін, байланыстырушы түтіктерді, шприц түтіктерін, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және т. б. өндіруде қолданылады.