Бүгін Атырауда жоғары сынып оқушылары болашақта полиэтилен өндіретін зауытта қандай мамандықтар қажет болатынын және осы салада табысты мансап құру үшін қандай бағыттар бойынша білім алу керектігін білді.
Атырау мұнай және газ университеті базасында 7–11–сынып оқушыларына арналған жәрмеңкеде Силлено компаниясының өкілдері жаңа өндіріс үшін қажетті мамандықтар туралы айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ қатысушыларға арнайы интерактивті викторина
ұйымдастырылды.
Полиэтилен өндіретін зауытта ең қажетті мамандықтар қатарында инженер-химиктер, технологтар, технологиялық қондырғылардың операторлары, машинистер, автоматтандырылған басқару жүйелері бойынша мамандар және мұнай-газ химиясы саласындағы басқа да сарапшылар бар.
Мұнай-газ химиясы саласындағы мамандықтарға арналған жәрмеңкеге Атырау қаласынан ғана емес, сондай-ақ облыстың аудандарынан келген оқушылар да қатысты.


