Алдын ала есептеулер бойынша, болашақ полиэтилен зауытына арналған ірі тоннажды және ауыр жабдықтар негізгінен Еуропа Одағы елдері, Қытай, Оңтүстік Корея және Қазақстаннан жеткізіледі.

Бұл туралы «Силлено» ЖШС сыртқы логистика менеджері Алмас Тагибеков Атырауда өткен «PetroLogistics, Rental & Transportation — 2025» салалық форумында мәлімдеді.

Ол сондай-ақ жабдықты жеткізетін көлік түрлері мен Қазақстан порттарына толығырақ тоқталды. Мұндай ірі жүкті тасымалдау кезінде туындайтын қиындықтардың бірі — жабдықтың қауіпсіз әрі тиімді жеткізілуін қамтамасыз ету үшін қажетті өзен түбін тереңдету жұмыстары екенін атап өтті.

Іс-шара мұнай-газ саласындағы логистика мәселелеріне арналды. Форум саладағы жетекші министрліктер, мұнай-газ компаниялары, ҚТЖ, мұнай құбырлары операторлары, теңіз порттары, қазақстандық компаниялардың және басқа да қатысушылардың басын қосты.