Бүгін Атырау қаласында «Полиэтилен» жобасы бойынша қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Қатысушыларға полиэтилен өндіретін болашақ зауыттың құрылыс және монтаж жұмыстары кезеңінде қоршаған ортаны қорғау шаралары туралы ақпарат ұсынылды.
Іс-шараға мемлекеттік органдар, қоғамдық кеңес, «Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ» АҚ диалог алаңының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Талқылау барысында атмосфералық ауаға әсерді азайту, су нысандарын қорғау, топырақ жамылғысын сақтау және құрылыс кезеңіндегі басқа да маңызды мәселелер бойынша ұсыныстар айтылды.
Сондай-ақ, жоба операторы — Силлено өкілдері өндірістік процесс, кадр мәселелері және жобаны жүзеге асырудағы экологиялық мәселелер бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.



