Бүгін Атырауда XII жыл сайынғы «Kazneftegazservice-2025»: Мұнай-газ құрылысы және инжиниринг» конференциясы өтті. Іс-шарада сала көшбасшылары басқосты.

Конференция барысында мұнай-газ және мұнай-химия салаларын дамытуға арналған тақырыптық секциялар өтті. Ірі мұнай-газ химиясы мен халықаралық жобаларға ерекше назар аударылды, оның ішінде қатысушылар мұнай-химия өнеркәсібін дамыту және инвестиция тарту бастамаларына тоқталды.

«Силлено» ЖШС бас директоры Жандос Қайргелді «Полиэтилен» жобасын таныстырып, болашақ зауытта қолданылатын озық технологиялар, жобаны жүзеге асыру барысы және қазақстандық қамтуды дамыту шаралары туралы жан-жақты баяндады.

Конференцияның маңызды бөлігі – B2B кездесулерде жергілікті компаниялар өкілдері «Полиэтилен» жобасы аясында ынтымақтастық мүмкіндіктерін тікелей талқылауға мүмкіндік алды.

Іс-шараға 300-ге жуық адам қатысты. Олардың ішінде Қазақстанның 10 өңірінен 150-ден астам компания өкілдері, сондай-ақ Қатар, БАӘ және Ресейден келген халықаралық қатысушылар болды.