«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында EXPO халықаралық көрме орталығында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» интерактивті көрмесі ашылды.
Іс-шара жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттауға және түрлі салаларда даму мүмкіндіктерін көрсетуге бағытталған.
«Силлено» ЖШС-нің бас директоры Жандос Қайргелді «Полиэтилен» жобасы, жоғары білікті мамандарға (монтажшылар, балташы, механиктер, арматуршылар, дәнекерлеушілер және т.б.) деген қажеттілік және жастарға арналған білім алу мүмкіндіктері туралы баяндады. Ол мұнай-газ химиясы Қазақстанда жүзеге асып жатқан ірі инвестициялық жобаларды ескергенде ең перспективалы салалардың бірі екенін атап өтті.
Көрме 15 ақпанға дейін жалғасады. Жұмысшы мамандықтар мен олардың ел дамуына қосатын үлесі туралы көбірек білуге әркімнің мүмкіндігі бар.





