Қыркүйек 2024: Полиэтилен өндіру жобасын іске асыру аясында инженерлік дайындық жұмыстары басталды – құрылыс алаңына 92 арнайы техника мен 127 адам жұмылдырылды. Жұмысты қазақстандық BI Industrial компаниясы жүргізуде.

Қаңтар 2025: Инженерлік дайындық жұмыстары 32% орындалды, бұл жоспарлы 22%көрсеткіштен артық.

Пиролиз және полимерлеу қондырғыларының, сондай-ақ логистикалық кешеннің алаңдарында тегістеу жұмыстары аяқталды. Орындалған жұмыс көлемі:
● Топырақтың құнарлы қабатын алу – 2,6 млн м²
● Топырақты өңдеу – 510 мың м³
● Топырақты кері төгу – 476 мың м³

Зауыттың жалпы шаруашылық аймағында топырақты өңдеу және кері төгу жұмыстары жалғасуда.

Энергетикалық ресурстарға (электр энергиясы, сумен жабдықтау) техникалық шарттар алынды

Аталған кезеңде зауытішілік және сыртқы жолдар құрылысы жоспарланған.

Инженерлік дайындық аяқталғаннан кейін құрылыс алаңы EPC-мердігерлерге толық пайдалануға дайын күйде беріледі.

● Вертикалды тегістеу дегеніміз не?

Бұл – құрылыс алаңын дайындау бойынша жұмыстар кешені. Бұл қажетті рельеф пен құрылыстардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Тегістеу жұмыстарына топырақтың құнарлы қабатын алу, топырақты өңдеу және жылжыту, негізді көп қабатты нығыздау, тегістеу және көлбеуліктерді қалыптастыру жатады.