2024 жылғы 17-19 сәуірде Астанада «СИБУР» ЖШС Басқарма Төрағасы Михаил Карисалов пен China Petrochemical Corporation президенті Джао Донг бастаған «Силлено» ЖШС екі акционерінің делегациялары болды.
Осы сапар шеңберінде қуаттылығы жылына 1,250 млн. тонна полиэтилен өндіру жөніндегі жобаны (бұдан әрі — жоба) іске асыру бойынша бірқатар маңызды кеңестер өтті, атап айтқанда:
17 сәуір-Сибур, Sinopec, ҚазМұнайГаз және Силлено компаниялары мамандарының қатысуымен өткізілетін Жобалық, техникалық және қаржылық жұмыстарға қатысты мәселелер талқыланған жұмыс кеңесі. Кеңес қорытындысы бойынша одан әрі іс-қимыл жоспары анықталды;
18 сәуір-Силлено акционерлерінің топ — менеджменті — «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы М.Мырзағалиев, «Сибур» ЖШҚ Басқарма төрағасы М. Карисалов, China Petrochemical Corporation президенті Джао Донгтың кездесуі, онда жобаның ағымдағы мәртебесі туралы ақпарат тыңдалды, сондай-ақ жоба бойынша ашық сұрақтар айтылды.
Осы кездесу барысында тараптар Силлено компаниясының 2024 жылғы 3-4 шілдеге жоспарланған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) Астанадағы саммитінің отырысы шеңберінде мемлекет басшыларының алдағы сапарына акционерлердің түпкілікті инвестициялық шешім қабылдауын орайластыру туралы ұсынысын қолдады;
19 сәуір — Силлено акционерлерінің топ-менеджментінің Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновпен кездесуі, оның шеңберінде ҚазМұнайГаз, Сибур және Sinopec компаниялары Тараптардың жобаны іске асыру үшін барлық күш-жігерді жұмсау ниетін бекітетін Хаттамаға қол қойды.